Өзбекстан мамандары біздің орталықтан тәжірибе алмақ
- Details
Қаңтар айының басында Ұлттық Тәуелсіз тестілеу орталығының өкілдері Өзбекстанның Ташкент қаласында өткізілген "Жоғары медициналық білім беру реформалары: Орталық Азия білім беру "хабын" ұйымдастыру жолында" атты халықаралық оқу әдістемелік конференциясына қатысты. Алқалы жиын шеңберінде медициналық білім берудің өзекті мәселелері, медициналық сала мамандарын оқыту, кәсіби дайындық жүйесінде тәуелсіз бағалау мәселелері талқыланды. Онда мамандарымыз жинақталған тәжірибе негізінде мамандарды бағалау тәуелсіздігінің маңыздылығын және оның мемлекеттік ауқымдағы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына әсер ету мысалдарын көрсетті. Жиын соңында орталық басқармасының төрайымы Гүлмира Жангереева мен Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының ректоры Ж.Ризаев арасында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Айта кету керек, біздің орталық кезекті рет жан-жақты халықаралық ынтымақтастыққа және серіктестік байланыстарды жаһандық кеңейтуге дайын екендіктерін көрсетеді.
Еліміздің "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен кездесу өтті
- Details
13 ақпан күні Еліміздің "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның төрағалығы және денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және қосымша білім беру саласындағы жеке сектормен кездесу өтті.
Ұлттық Тәуелсіз емтихан орталығының басшысы Гүлмира Жангереева осы іс-шараға белсенді қатысып, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ынтымақтастыққа әрдаййым дайын екендігін жеткізді.
2019 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан делегациясының қатысуымен Бішкек қаласында тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
- Details
2019 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан делегациясының қатысуымен Қырғызстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) Бішкек қаласында ҚР мемлекеттік хатшысы - Қалысбек Шадыханов мырза басшылық еткен Министрлік өкілдерімен екі күндік сапары аясында «ҚР медициналық білім реформалары» жобасы ұйымдастырған «Кәсіби қызметті лицензиялау және лицензиялау жүйесі: шетелдік тәжірибе мен Қырғызстан үшін сабақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Швейцария Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігінің, білім және ғылыми ұйымдардың, облыстар мен қалалардың денсаулық сақтау бойынша үйлестірушілері, практикалық денсаулық сақтау ұйымдары, Қырғызстанның кәсіби қауымдастықтары, GIZ жобасының, MER жобасының өкілдері, ДДҰ қызметкері, сондай-ақ РҚБ «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» делегациясы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ҚР медицина қызметкерлерінің біліктілігін бағалау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында медициналық мамандардың тәуелсіз бағалау тәжірибесі талқыланды. ҚР ДСМ Адами ресурстарды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы Айгүл Бообекова ҚР медицина қызметкерлерін аттестаттау саласындағы қазіргі жағдаймен бөлісті. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының делегациясы тәуелсіз бағалаудың медициналық қызмет сапасына әсері туралы айтты.
Іс-шара соңында РҚБ «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» және И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
“Заманауи медициналық білім беру саласындағы сапа, үздіксіз жетілдіру және бенчмаркинг” семинары
- Details
ҚР ДСМ қолдауымен «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, «Ұлттық медицина университеті» АҚ, «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ, малайзия мен Қазақстанның медициналық білім беру саласындағы мамандарының қатысуымен «Заманауи медициналық білім беру саласындағы сапа, үздіксіз жетілдіру және бенчмаркинг» тақырыбында өткізетін халықаралық семинарына қатысуға шақырады.
Білім беру сапасы еліміздің саясатының басым бағыты болып табылады, бұл ретте медициналық білімге ерекше назар аударылады. Білім беру сапасын қамтамасыз ету және қолдау мәселесі бүкіл әлемде ерекше маңызға ие және өзектілікке ие болады, өйткені медициналық қызмет көрсету сапасына, медициналық көмекке қанағаттанушылыққа, жалпы денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейіне тығыз байланысты.
Семинар жұмысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, ДДСҰ сарапшылары, Малайзия, Қазақстанның медициналық білім саласындағы мамандар, сонымен қатар ЖОО және ғылыми орталықтардың қызметкерлері қатысады.
Семинар 2019 жылдың 4 - 6 ақпаны аралығында, Алматы қаласында,
Байтұрсынов к-сі, 139 «Garden Park Inn» қонақ үйі, 2-қабат, конференц-залда өткізіледі. Толығырақ ақпаратты және онлайн өтінішті келесі сілтемеден таба аласыздар: http://www.ksph.kz/?p=6020
2019 жылдың 25 қаңтарында, жұма күні, Ұлттық ғылыми медициналық орталығында Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың республикалық бірлестігі ұйымдастырған тәуелсіз медициналық сарапшылар мен медиаторлардың алғашқы кездесуі өтті
- Details
2019 жылдың 25 қаңтарында, жұма күні, Ұлттық ғылыми медициналық орталығында Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың республикалық бірлестігі ұйымдастырған тәуелсіз медициналық сарапшылар мен медиаторлардың алғашқы кездесуі өтті.
Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, «Астана қаласы тәуелсіз медициналық сарапшылардың қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің, Халықаралық медиация мен Заң орталығы «Согласие» және «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ-нің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында медициналық қызметтердің сапасын көтеруге байланысты бірқатар мәселелерді шешу үшін бір диалог алаңында күш біріктіру қажеттілігі туралы сұрақтар көтерілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша жиналған сарапшылар өзекті мәселелерді талқылау, талдау, ұсыныстарын қосу үшін бірлескен ынтымақтастық «Тәуелсіз сарапшылар мен медиаторлар кеңесін» құру туралы келісімге қол жеткізді. Кеңестің Президенті болып бірауыздан - Байгенжин Абай Қабатайұлы, және де элект-президенті - Малтабарова Нұрила Аманғалиқызы сайланды.
Астанада медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі декларацияны қабылдауға арналған жаһандық конференция қазанның 25-26-сы күндері өтуде.
- Details
Астанада медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі декларацияны қабылдауға арналған жаһандық конференция қазанның 25-26-сы күндері өтуде. Шараны Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ балалар қоры мен ел үкіметі ұйымдастырып отыр. Оған әлемнің жүзден астам елінен 800 ден астам делегация қатысады деп күтіледі. Конференция барысында жоғары деңгейдегі алты пленарлық отырыс пен 18 сессия өтеді. Айта кетейік, Астана декларациясы 40 жыл бұрын қабылданған Алматы декларациясына қосымша ретінде қабылданады.