КОРОНАВИРУС: ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТЕГІН ТЕСТ БЕРІЛЕДІ

Еліміздегі «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» Қазақстандағы барлық медициналық ұйымдардың жоғары білімі бар дәрігерлеріне короновирус ауруының алғашқы белгілері мен алдын алуды анықтайтын тегін тест жүйесін ұсынып отыр. 

Бұл туралы  «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» төрағасы Гүлмира Жангереева мәлімдеді. Орталық басшысының айтуынша тәуелсіз емтихан орталығы  арнайы  тест дайындап, онлайн режимде мамандардың өздерін қаншалықты дайын екенін тексеруге мүмкіндік бермек. Себебі, аты жаман ауру жұқтырған науқаспен бірінші бетпе бет келетін дәрігерлердің өздері сақ болуы қажет. Ол үшін алғашқы белгілерін бірден анықтауға көмектесетін арнайы тест жүйесін құрдық, дейді. Бұл дәрігерлерді осындай қиын қыстау кезеңде қолдау мақсатында жасалып отыр.

COVID-19 эпидемиологиялық және алдын алу іс-шаралары мәселелері бойынша тестілеу мамандардың стандарттарды, клиникалық хаттамаларды және ДДҰ-ның әдістемелік ұсынымдарын білуге дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Бұл әр медициналық ұйым дәрігерлерінің дайындығы үшін маңызды. Тестілеу қорытындысы бойынша осы саладағы білімдердегі олқылықтарды анықтауға көмектесетін нәтижеліліктің аналитикалық есебін алу мүмкіндігі бар.

Өзін өзі бағалау ұлттық тестілеу орталығы платформасында online режимінде өткізіледі.  www.qazexam.kz. бағалау үшін тестінің техникалық сипаттамасы ҒҒО-ның ресми сайтында "COVID-19 бағалау"бөлімінде жарияланды. Online тестілеуден өту үшін ҰТО жүйесінде тіркелу қажет. Тестілеуге кіру логин (үміткердің ЖСН) және пароль бойынша жүргізіледі.

«Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығына тәуелсіз бағалау жүргізу, біліктілігінің сәйкестігін растау және медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқыған білім мен дағдыларды бағалау құқығына аккредиттелген жетекші ұйым. Ол халықаралық медициналық реттеуші органдар қауымдастығының серіктесі (International Association of Medical Regulatory Authorities), АҚШ – тағы Мейірбике ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттер Ұлттық Кеңесінің мүшесі (National Council of State Boards of Nursing-NCSBN), тестілеу жөніндегі халықаралық комиссияға (International Test Commission) мүше болып табылады.

 

ИСТОЧНИК