2019 жылдың 25 қаңтарында, жұма күні, Ұлттық ғылыми медициналық орталығында Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың республикалық бірлестігі ұйымдастырған тәуелсіз медициналық сарапшылар мен медиаторлардың алғашқы кездесуі өтті

2019 жылдың 25 қаңтарында, жұма күні, Ұлттық ғылыми медициналық орталығында Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың республикалық бірлестігі ұйымдастырған тәуелсіз медициналық сарапшылар мен медиаторлардың алғашқы кездесуі өтті.

Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, «Астана қаласы тәуелсіз медициналық сарапшылардың қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің, Халықаралық медиация мен Заң орталығы «Согласие» және «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ-нің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында медициналық қызметтердің сапасын көтеруге байланысты бірқатар мәселелерді шешу үшін бір диалог алаңында күш біріктіру қажеттілігі туралы сұрақтар көтерілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша жиналған сарапшылар өзекті мәселелерді талқылау, талдау, ұсыныстарын қосу үшін бірлескен ынтымақтастық «Тәуелсіз сарапшылар мен медиаторлар кеңесін» құру туралы келісімге қол жеткізді. Кеңестің Президенті болып бірауыздан - Байгенжин Абай Қабатайұлы, және де элект-президенті - Малтабарова Нұрила Аманғалиқызы сайланды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаппай жұмысқа тарту саясатын қалыптастыру арқылы медициналық қызметтердің сапасын жоғарылату үдерісіне бірлесіп жұмыс істеуге және белсенді қатысуға дайын екендігін білдірді.