2019 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан делегациясының қатысуымен Қырғызстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) Бішкек қаласында ҚР мемлекеттік хатшысы - Қалысбек Шадыханов мырза басшылық еткен Министрлік өкілдерімен екі күндік сапары аясында «ҚР медициналық білім реформалары» жобасы ұйымдастырған «Кәсіби қызметті лицензиялау және лицензиялау жүйесі: шетелдік тәжірибе мен Қырғызстан үшін сабақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Швейцария Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігінің, білім және ғылыми ұйымдардың, облыстар мен қалалардың денсаулық сақтау бойынша үйлестірушілері, практикалық денсаулық сақтау ұйымдары, Қырғызстанның кәсіби қауымдастықтары, GIZ жобасының, MER жобасының өкілдері, ДДҰ қызметкері, сондай-ақ РҚБ «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» делегациясы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ҚР медицина қызметкерлерінің біліктілігін бағалау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында медициналық мамандардың тәуелсіз бағалау тәжірибесі талқыланды. ҚР ДСМ Адами ресурстарды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы Айгүл Бообекова ҚР медицина қызметкерлерін аттестаттау саласындағы қазіргі жағдаймен бөлісті. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының делегациясы тәуелсіз бағалаудың медициналық қызмет сапасына әсері туралы айтты.
Іс-шара соңында РҚБ «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» және И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.