Қаңтар айының басында Ұлттық Тәуелсіз тестілеу орталығының өкілдері Өзбекстанның Ташкент қаласында өткізілген "Жоғары медициналық білім беру реформалары: Орталық Азия білім беру "хабын" ұйымдастыру жолында" атты халықаралық оқу әдістемелік конференциясына қатысты. Алқалы жиын шеңберінде медициналық білім берудің өзекті мәселелері, медициналық сала мамандарын оқыту, кәсіби дайындық жүйесінде тәуелсіз бағалау мәселелері талқыланды. Онда мамандарымыз жинақталған тәжірибе негізінде мамандарды бағалау тәуелсіздігінің маңыздылығын және оның мемлекеттік ауқымдағы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына әсер ету мысалдарын көрсетті. Жиын соңында орталық басқармасының төрайымы Гүлмира Жангереева мен Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының ректоры Ж.Ризаев арасында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Айта кету керек, біздің орталық кезекті рет жан-жақты халықаралық ынтымақтастыққа және серіктестік байланыстарды жаһандық кеңейтуге дайын екендіктерін көрсетеді.