Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы 2018 жылдың 23-қаңтарынан бастап кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау нәтижелерін бағалау рәсімдерін жасауда жасандылықтан қорғау мақсатында  халықаралық стандарт талаптарына сәйкес құжаттарды қорғау және сканерлеу құралы арқылы жеңіл анықтайтын QR – код ақпараттық технологиясын енгізді.

Әр бағалау нәтижесіне  QR бірегей код беріледі. Ол ҰТЕО нәтижені бағалау бланкісінде орналастырылады. QR –код анықтайтын құрал арқылы сканерлегенде, смартфон қосымшаларында да болады, ҰТЕО ресми www.qazexam.kz. сайтында бағалаудан өту туралы орналастырылған ақпарат автоматты түрде ашылады.  

2018 жылдан бастап медицина мамандарының білім мен дағдыларын бағалаудың мемлекеттен тәуелсіз ортаға ауысуы үміткерлер үшін емтихан өткізу шығындарын қысқартты. Осыған орай, бағалау өткізу құны да төмендеді.  

 

Бағалау қызметтерін ҰТЕО тәуелсіз ұйымына берілгеннен уақыттан бері сертификаттау құны 1,7% дейін, біліктілік санаттарына  6-дан 12 % дейін төмендеді.  Бағалау тәртібін сақтай отырып, әкімшілік шығындардың азаюуы мен бағалау үрдісін оңтайландыру барысында бағалау құны төмендеді. 

 

Аймақтық сарапшылардың, тестілеушілердің, емтихан материалдарының сарапшларын, стандартталған пациенттің, құрал-жабдықты жалға алу, материалдар шығындары, интернет пен байланыс  сияқты т.б. шығындар бағалау құнына кіргізілген. 

 

Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты  денсаулық сақтау саласы мамандарының құзіреті мен медициналық білім беру ұйымдарының түлектерінің емтихандарын халықаралық талаптарға жақындата отырып, ҰТЕО бағалау рәсімдерін алға жетілдіруді жоспарлап отыр.

 

Кезең-кезеңімен бағалаудың жаңа жүйесін енгізу денсаулық сақтау мамандарының білім жүйесінің реформасын сәтті жүзеге асырылуына, сертификаттауға, медициналық көмек сапасына және денсаулық сақтау мамандар тәжірбиесінің потенциалының артуына ықпал етеді. 

Толығырақ ақпаратты ҰТЕО www.qazexam.kz.ресми сайтынан алуға болады.

Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы медицина және фармация мамандықтары бойынша денсаулық сақтау мамандарының құзіретін бағалау үшін белсенді, медицина саласындағы пәндерден құзіретті мамандарды емтихан материалдарын көпжақты тестілеу сұрақтарын құрап-әзірлеп қатысуға шақырады.   

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

- медициналық немесе фармациялық білім жоғары/орта;

- сұралып отырылған мамандық бойынша еңбек өтілі 10 жылдан кем емес;

- мамандық бойынша жоғары немесе бірінші біліктілік санаты туралы мемлекеттік үлгіде белгіленген құжаттың болуы; 

- ғылыми атақтың болуы  - құпталады;

- тестілеу мен сұралып отырған сала бойынша кәсіби оқудан өтуі    (теореиялық дайындық, біліктілік көтеру);

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК-ын құрамынан Білім мен дағдыларды бағалау орталығын бөліп, тәуелсіз ортаға шығару туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сапа жөніндегі бірккен комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және  біліктілік сәйкестілігін растауды жүзеге асыру үшін 2017 жылдың 27 желтоқсанында өзін-өзі реттейтін «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігін аккредиттеуден өткізді. 

ҰТЕО  Қазақстан аймағында тіркелген, денсаулық сақтау саласында үкіметтік емес, өзін-өзі реттейтін, комерциялық емес боп танылған ұйым. Өз қызметін ҚР Конституциясына, ҚР Азаматтық кодексіне, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне, Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР Заңына, Өзін өзі реттеу туралы ҚР Заңына, Қоғамдық бірлестіктер туралы ҚР Заңына және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сонымен қатар ҰТЕО Жарғысына сай жүзеге асырады.   

Жоғарыдағыларды негіздей келе, кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растаудан өту үшін үміткерлер осы сайттың «Тіркелу» бөлімі арқылы ҰТЕО жүгінуіне  болады.