Орталық туралы

 

ҰЛТТЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ЕМТИХАН ОРТАЛЫҒЫ


Міндеті

Қазақстан Республикасы тұрғындарының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда оқитын түлектердің, ғылыми-педагогикалық кадрлардың, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби құзіреті арқылы медициналық қызметтердің сапасын көтеру.

Аңдатпа

Тұрғындар сеніміне ие, стандарттар мен бағалау рәсімдері әділ, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға әсерін тигізетін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың түлектері мен денсаулық сақтау саласының мамандарының құзіретін бағалау жөніндегі орталық – Қазақстан Республикасының кәсіптік қоғамдастығымен мойындалған, аккредиттелген, жетекші кәсіпорын.  

Құндылықтары

  • Әлеуметтік жауапкершілік және емделушінің қауіпсіз басымдылығы.
  • Ашықтық және айқындық
  • Әділдік, ымырасыздық, нақтылық
  • Инновацияларға ұмтылу
  • Серіктестік пен дамытушылық

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі ҰТЕО функциялары:

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
  2. Халықаралық бағалау талаптары, сапа менеджментінің стандарттық жүйесіне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандар құзіретін бағалау бойынша рәсімдер мен стандарттарды қолдау, нығайту және әзірлеу;
  3. Денсаулық сақтау мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау мен кәсіптік дайындығын бағалауды өткізу, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйым оқушылары мен түлектердің, ғылыми-педагогикалық кадрлардың құзіретіне тәуелсіз бағалау;
  4. Сапаны қамтамасыз ету бойынша халықаралық талаптарға сай етіп, емтихандық материалдар дерегін тиісті пайдалану, оның уақытлы жаңарту мен құруға қатысты жұмыстарды ұйымдастыру;
  5. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау мен кәсіптік дайындық жөніндегі бағалау рәсімдеріне тікелей қатысатын стандартталған пациенттерді, емтиханшыларды, сарапшыларды сертификаттау мен оқыту бағдарламасын әзірлеу, әдістемелік материалдар дайындау;
  6. Кадрлық ресурстарды (стандартталған пациент, емтиханшылар, сарапшылар және т.б.) дайындау мен құзіретті бағалау жүйесін жетілдіру мақсатында денсаулық сақтау мекемелерімен, денсаулық сақтау саласындағы білім ұйымдары мен ғылыми ұйымдар, ҮЕКҰ, орталық, аймақтық басқару органдарымен байланысты дамыту;
  7. Денсаулық сақтау саласындағы білім ұйымдары мен ғылыми ұйымдарға оқыту жетістіктерін бағалау құралдарын әзірлеу үшін техникалық және әдістемелік- кеңестік көмек көрсету;
  8. Денсаулық сақтау саласындағы білім ұйымдары мен ғылыми ұйым түлектеріне, ғылыми-педагогикалық кадрлардың, денсаулық сақтау саласы мамандарының негізгі құзіретін бағалау саласында зерттеулер жүргізу;
  9. Халықаралық серіктестік байланысын нығайту, шетелдік мамандарды шақыра отырып, тренингтер, дөңгелек үстелдер, шеберлік сағаттар, конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру және өткізу.