Басшылық

Жангереева Гүлмира Төреғалиқызы – Басқарма төрайымы

- 1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емгер ісі» мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын Ақтөбе қаласының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында емхана ішілік инфекцияның алдын алу бөлімшесінде дәрігер- эпидемиолог ретінде бастаған.  

- 2002-003 жылдары «ТПК Дина» ЖШС бас санитар дәрігері.

- 2003-2005 жылдары Атырау қаласының теміржол ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

- 2005-2012 жылдары  «Астана қаласының тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ басқарды.

- 2012-2017 жылдары ҚР ДСМ «Респуликалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы»  РМК-ның Білім мен дағдыдарды бағалау орталығы респуликалық ұйымын, кейіннен, яғни, 2018 жылдың қаңтарынан аталған ұйым денсаулық сақтау  саласы мамандарының кәсіптік даярлық пен біліктілікке сәйкестіктігін растауды бағалау бойынша  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аккредитациясынан өткізіліп, жаңа Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы болды, бүгінгі күнде осы ұйымға  жетекшілік жасайды.

«Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесі мамандарын бағалау құзіреті» тақырыбындағы диссертациясын Ашық Еуропаның экономика мен саясат академиясы (Чехия, Прага қаласы) магистратура  оқуының шеңберінде қорғап, кешенді бағдарламаның қоғамдық денсаулық сақтаудың магистрі атағы мен «Қоғамдық денсаулық сақтауағы ұжыдық басқару» мамандығы бойынша «Басқарудағы Msc-Pro» кәсіби біліктілігін алды. Халықаралық экономика институтының (Чехия, Прага қаласы) «Стратегиялық жоспарлау және басқару» мамандығы бойынша МВА дәрежесін иелеген.

«Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесі мамандарын бағалау құзіретін енгізудің тиімділігі мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу» тақырыбындағы диссертациалық жұмысын, 2018 жылы Vysoká škola Danubius Университеті Әлеуметтік зерттеулер факультетін «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қорғап (г. Сладковичово, Словакия)  Ph.D дәрежесі берілді.  

Біліктілікті көтеру:

  • «Simulation training and assessment», Parkway College тақырыбындағы оқыту тренингі, Сингапур, 2012 жылғы желтоқсан;
  • «Инновационные обучающие технологии в медицине» оқыту семинары, Ресей, Мәскеу қ. 2014 жылғы қыркүйек;
  • «Workshop on item writing and Workshop on Standard Setting» бағдарламасы бойынша Ұлттық медициналық емтихан алушылар кеңесіндегі  оқу (NBME), АҚШ, 2014 жылғы желтоқсан;
  • AQAI Simulation center Mainz симуляциялық технологияларға оқыту, Германия, 2015 жылғы наурыз;
  • «Methodology for development of test questions» тақырыбындағы Ұлттық медициналық емтихан алушылар кеңесінде оқыту семинары, АҚШ,  2017 жылғы желтоқсан.

Г.Т.Жангереева «Денсаулық сақтау ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатын иеленген. Медициналық мамандардың білімі мен дағысын бағалау сұрақтары бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде танылған.

Марапаттаулары:   

Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби қызметі мен қажырлы, жемісті еңбегі және мамандығына деген сүйіспеншілігі үшін 2015 жылдың қараша айында ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен мараптталды. ҚР Денсаулық сақтаудың ұлттық палатасы атанан Қазақстанның ең үздік медициналық менеджері болып аталды. «Астанаға 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының денсаулық сақтау саласындағы қызметі үшін төсбелгісімен марапатталды.  ҚР ДСМ атынан Медицина қызметкерлерінің білімі мен дағдысын бағалау саласындағы еңбегі мен үлесі үшін марапатталған. Ұлттық бизнес-рейтингтердің халықаралық рейтингтік кеңесі Г.Т.Жангеереваны «Лидер медицинской отрасли» орденімен марапаттады.