Коронавирус пен тұмаудың белгілері ұқсас. Сондықтан респираторлық ауруларды бір-бірінен айырып, жазбай тануы үшін дәрігер білікті болуы қажет. Ал әлемде өршіген індет жайында мамандарымыз қаншалықты хабардар? Осыны анықтау үшін еліміздегі Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы жоғары білімді медициналық қызметкерлерге арналған тегін тест жүйесін ұсынып отыр.

Орталықтың төрағасы Гүлмира Жангереваның айтуынша, мамандарға онлайн режимде ұсынылатын тест жүйесі дәрігерлердің коронавирус туралы, оның алғашқы белгілері жөнінде қаншалықты хабардар екенін анықтауға көмектеседі. «Індет жұқтырғандармен бетпе-бет келетін алдымен – дәрігерлер. Вирус кезінде олардың өздері де сақтық шараларын қатаң сақтап, аурудың алғашқы белгілері байқалысымен, медициналық көмекке жүгінуі тиіс.

Денсаулық сақтау саласының мамандары тәуелсіз емтихан алу орталығында тест тапсырып, кәсіби қарымын сынап көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бес жылда бір ұйымдастырылатын сынақтың жөні бөлек. Төмен нәтиже көрсеткендер науқастарды емдеу құқығынан айырылады. Жалпы дәрігерлеріміз көбіне ситуациялық емтиханнан сүрінеді екен. Науқаспен тіл табысу жағы да ақсап тұр. Сонымен бұл жолғы емтихан қалай өтті?

Мониторға мұқият үңілген ақ халаттылар диагноз саралап отырған жоқ. Олар 50 сұрақтан құралған тестті тапсырып, теориялық білімдерін пысықтап отыр. Берілген уақыт – 75 минут. Бұл емтиханның алғашқы кезеңі. Жауапты сынақ, дайындық та күшті.

Сәруарбек Ахметов, хирург дәрігер:

– Өте пайдалы тест. Дайындалғанда, шын көңілмен оқыдым. Көп кездеспейтін сұрақтар болды.

Емтиханның екінші кезеңінде сынақ тапсырушылар 8 клиникалық станцияда тәжірибелік дағдыларын сынады. Бұл – жоғары санатын растаушыларға жүктелген міндет. Бірінші санаттағыларға 6, екіншісіне 5 станцияға жолдама берілді. Байқағандарыңыздай, дәрігер науқаспен оңаша қалған. Әр әрекетін дауыстап айтып жатыр. Тәуелсіз сарапшылар оларды бейнекамералар арқылы бақылап отыр. Ел аумағында осындай 400 медициналық сарапшы жұмыс істейді.

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде медицина қызметкерлері тапсыратын емтихандардың күрделілігі мен сапасын арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас директоры Айнұр Айыпханова тәуелсіз емтихан ұлттық орталығы алқа кеңесінің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру үшін дипломға дейінгі кезеңде де, дипломнан кейін де үлкен жұмыс жүргізілуде. Дәрігерлер мен медбикелерді лицензиялау сияқты бүкіл әлемде мұндай функция бар. Медицина қызметкері, дәрігер немесе медбике жұмысқа кіріспес бұрын және қызметті жүзеге асыруға, пациентке медициналық қызмет көрсетуге құқығы бар. Оған лицензия алу қажет. Лицензия үшін күрделі емтихан тапсыру керек. Бірқатар елдерде медицина қызметкерлері үш кезеңді емтиханнан өтеді. Содан кейін ғана дәрігер немесе медбике дипломы болса да, тәуелсіз емтихан арқылы медицина қызметкері өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге құқылы», – деді Айнұр Айыпханова.

Оның айтуынша, Қазақстанда медицина қызметкерлерінің білімін растау қазіргі таңда «маман сертификаты» деп аталатын құжат арқылы жүргізіледі.

В Казахстане планируют повысить сложность и качество экзаменов для медицинских работников. Об этом рассказала директор департамента стратегии и международного сотрудничества Министерства здравоохранения РК Айнур Айыпханова после заседания Высшего коллегиального совета Национального центра независимой экзаменации, передает корреспондент Kazpravda.kz.

"Чтобы повысить качество подготовки медицинских кадров, ведется большая работа, как на додипломном уровне образовании, так на и постдипломном. Тут важно отметить, что есть такая функция во всем мире, как лицензирование врачей и медсестер. Прежде, чем медицинский работник, врач или медсестра приступает к работе и имеет права осуществлять деятельность и оказывать пациенту медицинские услуги, ему необходимо получить лицензию. Для лицензии нужно сдать сложный экзамен, в ряде стран это трехэтапный экзамен. И только потом, подтвердив все свои знания, даже если у него есть диплом врача или медсестры, то через независимый экзамен медработник имеет право работать по своей специальности", – сказала спикер.