ҰТЕО "Интерпретация" клиникалық станциясына апробация өткізеді.

Ұлттық  тәуелсіз емтихан орталығы  3 наурыз  2018 жылы (жұмыс күні) «Зерттеулердің зертханалық-жабдықтық тәсілдерінің интерпретациясы» клиникалық станциясына келесі мамандықтар бойынша жаңа форматта апробацияны өткізеді:  

1. Акушерлік-гинекология (балалар гинекологиясы, функциональды диагностика, негізгі мамандық саласы бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық саласы бойынша эндоскопия)

2. Пульмонология (негізгі мамандық саласы бойынша эндоскопия негізгі мамандық саласы бойынша функциональды диагностика) (ересектердің);

3. Гастроэнтерология (негізгі мамандық саласы бойынша, негізгі мамандық саласы бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің);

4. Гематология (ересектердің);

5. Жалпы дәрігерлік терапия (отбасылық медицина);

6. Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология);

 

7. Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектердің);

8. Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина).

Жоғарыда көрсетілген мамандар келесі сілтеме бойынша сұраныс үгісін толтыра отырып, тегін клиникалық станция апробациясына қатыса алады.

Сұраныс беру мерзімі: 2018 жылдың 16-28-ақпаны аралығы

"Интерпретация" клиникалық стансиясының апробациясы  Астана қаласы,  Мәңгілік ел көшесі 8, 18 В кіреберіс мекен-жайында өтеді.