Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы (бұдан әрі - ҰТЕО) біліктілік емтихандарын өткізу аясында Астана қаласында 2018 жылдың бірінші тоқсанында on-line режимде жүзеге асыру жобасын енгізді.
Клиникалық станцияларда үміткерлермен байланыссыз емтиханшылар басқа бөлмеде отырып, 2 нүктеде орналасқан мониторлардан бақылау жасап, үміткерлердің практикалық дағдыларын бағалауды жүзеге асырды.
Ол үшін бейне және дыбыстық жабдықтар емтихан процесін ыңғайлы жазу үшін бейімделген. Емтиханшылардың мониторы бір бөлмеде орналастырылған. Үміткерлер клиникалық жағдайды жүзеге асыруға толығымен бағытталған, бақылаушы жақындығының фактісі жойылған, моральдық қысымы жоқ бақылаудың бұл форматы өте ыңғайлы деген пікірді емтиханшылар айтты.