2018 жылдың 4-ші сәуірінде «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінің жалпы кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау саласының білім ұйымдары мен ғылым ұйымарының оқушылары мен түлектері, ғылыми-педагогикалық кадрлардың, денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіптік құзіретін тәуелсіз бағалау мен сертфикаттау, лицензилауға қатысты сұрақтарды шешуде Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік жындарда тиімді іс-әрекет пен оны ілгерілетуге Жоғары алқалық кеңес (ЖАК) – қоғамдастық органы құрылды.
Отырысқа ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ұлттық және ғылыми медициналық орталықтар басшылары, медициналық жоғары оқу орындарының жетекшілері, Қазақстан медициналық колледждерінің кеңесі өкілдері және тағы басқалар қатысты.
Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаева құттықтау сөз сөйлеп, ҰТЕО-на тәуелсіз, өзін-өзі реттеу жұмыстары берілгеннен бері қызметіндегі жедел өзгерістердін болғандығын атап өтті. ЖАК құру түріндегі алқалық шешім институтын ендіру нышандары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудегі барлық медициналық қауымның ұжымдық пікірін талқылау, мақсат-міндеттерді жүзеге асыру барысында келісімдеу үшін бірыңғай платформаны құруға негізгі көрініс тапқан алғашқы нысан екендігін айтты.
Ашық дауыс беру арқылы ЖАК құрамына Қазақстан медициналық колледждері одағының, денсаулық сақтау практикасының кәсіптік қауымдастықтарының, ҚР медициналық оқу орындарының Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің, кәсіптік медициналық қауымдастық өкілдерінен 15 адам таңдап алынды.
Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының Жоғары алқалық кеңес президенті болып бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экс-депутаты, Астана қаласының құрметті азаматы – Редкокашин Владимир Николаевич сайланды. Оған ЖАК алдындағы қызметінде жоғары сенімділік, кәсіпқойлық, ынтымақтастық, нақтылықты білдіретін Президенттің Құрмет белгісі берілді.
Высший коллегиальный совет
Расширенное заседания в НЦНЭ