Қазақстанның 8 медицина ЖОО ғалымдары ҰТЕО тестілеу жұмысын жоғары бағалады.

Сарапшылар тобы ҰТЕО тестологтары әзірлеген тәуелсіз сараптама сұрақтарын жоғары бағалады. Сарапшылар ретінде республиканың медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылым докторлары болды. Бұл 6 негізгі мамандық бойынша: терапия, хирургия, акушерлік және гинекология, педиатрия, жалпы дәрігерлік практика және стоматология бойынша интернатура түлектерінің білімдерін бағалауға мүмкіндік беретін тестілеудің жаңартылған дерекқоры екенін атап өткен жөн.

Сарапшылар ҰТЕО-мен 5-7 жыл бойы бірге қызмет жасап жатқанын атап өтті. Биылғы жылы тестілеу сапасы әлдеқайда жақсы. Тестілеуге деген көзқарас өзгерді, терминология, жауап нұсқалары шындыққа жақындады. Медицина ЖОО оқытушылары сұрақтардың күрделенгенін ерекше атап өтті. Тақырып жоспарларынан немесе жұмыс бағдарламасынан тыс тест сұрақтары жоқ. Барлық тапсырмалар студенттердің университетте алған білімдеріне негізделген. Сарапшылардың айтуынша, артық ештеңе жоқ.

ҰТЕО мамандары интернатура түлектері үшін тестілеу тапсырмаларын алты айға дейінгі мерзімде дайындады. Тапсырмалар орыс тілінде жазылып, содан кейін қазақ тіліне аударылды. Тестілеудің жұмысын сарапшылар 2 күн бойы бағалады. Зерттеу нәтижелері бойынша ҰТЕО білім мен дағдыларды бағалау департаментінің тестілеу бөлімінің мамандары барлық ескертулерді ескеріп, қажетті өзгерістер енгізеді. Содан кейін ғана жаңартылған деректер базасы ақпараттық интеграцияланған жүйеге жүктелді.