Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы 22-23-маусымда Астана қаласында өтетін Мейірбике ісі жөніндегі бірінші халықаралық конференцияның ұйымдастырушыларының бірі болды. Бұл шара мейірбике ісінің тиімділігін арттырады. Спикер ретінде АҚШ, Канада, Финляндия, Беларусь, Қырғызстан сарапшылары болады. Конференцияға медицина қызметкерлері, республиканың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері, ДДСҰ және ЮНИСЕФ өкілдері, облыстық денсаулық сақтау департаменттері, сондай-ақ жетекші медициналық ЖОО мен колледждердің оқытушылары қатысады. Олар медбике ісін басқарудың жаңа тәсілдерін, медбикелердің білімдері мен дағдыларын бағалау мәселелерін, сондай-ақ медбикелердің медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігі, мейірбике тәрбиесі және зерттеу саласындағы рөлін талқылайды. Халықаралық конференция кәсіби диалогтың тиімді алаңы болады. ДСДРО және ҰТЕО барлық мүдделі тұлғаларды конференцияға қатысуға шақырады. Бағдарламамен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының сайтында танысуға болады. http://www.rcrz.kz/index.php/ru/conf0618-4
12 мамыр халықаралық күнтізбеде мейірбике күні деп белгіленген. Қазіргі кезде мейірбикелер денсаулық сақтау қызметкерлерінің ең үлкен санатын құрайды. Медициналық тәжірибеде медицина қызметтерінің үлкен бөлігі медбикелермен жүзеге асырылады. Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ДСДРО деректері бойынша 170 мыңнан астам орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
ҰТЕО мамандары медбикелердің коммуникативтік дағдыларын бағалау өте маңызды екенін атап көрсетеді. Өйткені, медбикелер медициналық-санитарлық көмек деңгейінде науқас пен медицина ұйымының арасындағы байланыс болып табылады. Жалпы алғанда, медицина қызметкерлері біліктілік санатын беру немесе растау үшін білім мен дағдыларды бағалауға мүдделі. Бұл дифференциалды жалақы алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, категорияның болуы мансап сатысын көтермелеуде маңызды рөл атқара алады. ҰТЕО мәліметтері бойынша ағымдағы айда денсаулық сақтау мамандарының тәжірибелік дағдылары бағаланады. Астанадағы медбикелер 17 маусым мен 28 маусым аралығында біліктілік емтихандарын тапсырады. Басқа өңірлерде медбикелер кестеге сәйкес тоқсан сайын жоспарланған тәжірибелік дағдыларды бағалау рәсімдеріне қатысады.
Медбикелерге өз жұмысын жақсарту үшін бүгінгі күні қажетті мәселелерді арнайы www.qazeham.kz сайты үшін Астана қаласының №9 емханасының мейірбике маманы Бақыт Болтанова:
«Ең алдымен, біліктілікті үнемі жетілдіріп, жаңа білімге ие болу. Медбикелерге бұл қажет. Диплом алғаннан кейін оқуды жалғастыру керек. Себебі медицина дамып келеді, жаңа технологиялар мен компьютерлік бағдарламалар пайда болды. Қазір біз біртіндеп қағаздан электронды форматқа көшеміз. Келесі жылы амбулаториялық карталарсыз жұмыс істейтін боламыз. Мысалы, тестілеудің нәтижелері дәрігерге тікелей келеді, ол уақытты үнемдейді және науқасқа ыңғайлы болады» деді. - бас медбике. Жоғары білімі бар, 2003 жылы «Эмили» институтынның мейірбике ісі бітіріп, денсаулық сақтаудың үздік дәрежесіне ие болды.
«Медбикелер денсаулық сақтау жүйесінде үлкен рөл атқарады. Иә, дәрігер емдейді, бірақ науқас жағдайының 70% медбикеге байланысты. Егер дәрігер жақсы операция жасаса және медбике жақсы қамқорлық көрсеткен болса, онда бұл науқас өте тез жазылады. Дәрігерлер мен медбикелердің тандемі жасалса, ол міндетті түрде жоғары сапалы жұмысқа ие болар еді», - дейді тәжірибелі мейірбике.
Мейірбике саласындағы маман ретінде Бахыт Болтанова медбикелердің құзыреттілігін бағалау саласын дамыту туралы:
«Мен біліктілік алған кезде жағдай туыратын есептер болмады, денсаулық сақтау басқармасының төрағасы бастаған үлкен комиссия құрылды, осы топқа ең тәжірибелі бас медбикелер кірді және сұхбат жүргізілді. Бүгінгі күні біліктілік емтихандары құзыреттілікті бағалау жүйесін дамытудағы жаңа кезең деп есептеймін. Бағалау жоғары деңгейде өткізіледі, медбикелердің теориялық білімі мен практикалық дағдылары ситуациялық есептерді шешу арқылы объективті тексеріледі. Олар әр түрлі жағдайларда қалай әрекет ететінін және төтенше жағдайда қандай көмек көрсететінін көрсетеді. Бұл медициналық көмек көрсету сапасын, алғашқы көмек пен барлық төтенше жағдайларды жақсартуға тиіс. Яғни, медбикелердің барлық дағдылары тексеріледі. Бұл өте қиын, көбісі сынақтардан өтпейді, жағдайлық мәселелерді шеше алмайды. Бірақ біз оқып, дайындалуымыз керек, сондықтан дипломды алғаннан кейін тоқтап қалмай, үнемі білімді жетілдіру керек», - деп өз пікірін білдірді.
Бақыт Болтанова жұмыс істеген жылдарда медбикенің жоғары санатын үш рет дәлелдеді және қазір бұл санат тұрақты. Медбикелердің жұмысындағы негізгі қағидат қандай деген сұраққа: «Өз жұмысыңды жақсы көрсең қолыңнан бәрі де келеді, бұл кәсіпке деген сүйіспеншілік», - деп жауап берді.