“Заманауи медициналық білім беру саласындағы сапа, үздіксіз жетілдіру және бенчмаркинг” семинары

ҚР ДСМ қолдауымен «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, «Ұлттық медицина университеті» АҚ, «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ, малайзия мен Қазақстанның медициналық білім беру саласындағы мамандарының қатысуымен «Заманауи медициналық білім беру саласындағы сапа, үздіксіз жетілдіру және бенчмаркинг» тақырыбында өткізетін халықаралық семинарына қатысуға шақырады.

Білім беру сапасы еліміздің саясатының басым бағыты болып табылады, бұл ретте медициналық білімге ерекше назар аударылады. Білім беру сапасын қамтамасыз ету және қолдау мәселесі бүкіл әлемде ерекше маңызға ие және өзектілікке ие болады, өйткені медициналық қызмет көрсету сапасына, медициналық көмекке қанағаттанушылыққа, жалпы денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейіне тығыз байланысты.

Семинар жұмысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, ДДСҰ сарапшылары, Малайзия, Қазақстанның медициналық білім саласындағы мамандар, сонымен қатар ЖОО және ғылыми орталықтардың қызметкерлері қатысады.

Семинар 2019 жылдың 4 - 6 ақпаны аралығында, Алматы қаласында, 
Байтұрсынов к-сі, 139 «Garden Park Inn» қонақ үйі, 2-қабат, конференц-залда өткізіледі. Толығырақ ақпаратты және онлайн өтінішті келесі сілтемеден таба аласыздар: http://www.ksph.kz/?p=6020