Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК-ын құрамынан Білім мен дағдыларды бағалау орталығын бөліп, тәуелсіз ортаға шығару туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сапа жөніндегі бірккен комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілік сәйкестілігін растауды жүзеге асыру үшін 2017 жылдың 27 желтоқсанында өзін-өзі реттейтін «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігін аккредиттеуден өткізді.
ҰТЕО Қазақстан аймағында тіркелген, денсаулық сақтау саласында үкіметтік емес, өзін-өзі реттейтін, комерциялық емес боп танылған ұйым. Өз қызметін ҚР Конституциясына, ҚР Азаматтық кодексіне, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне, Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР Заңына, Өзін өзі реттеу туралы ҚР Заңына, Қоғамдық бірлестіктер туралы ҚР Заңына және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сонымен қатар ҰТЕО Жарғысына сай жүзеге асырады.
Жоғарыдағыларды негіздей келе, кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растаудан өту үшін үміткерлер осы сайттың «Тіркелу» бөлімі арқылы ҰТЕО жүгінуіне болады.