Білім сапасы туралы
- Details
Мемлекет басшысының білім сапасын басты назарда ұстап отырғаны белгілі. Сапалы білім барлық саланың сапалы дамуының бірден-бір кепілі екені сөзсіз. Бұл ретте әсіресе медициналық білім сапасының орны ерекше. Сау-саламатты ұлттан мемлекет құраушы саналы, сапалы адам капиталы - азаматтардың қалыптасатыны аксиома.
ҚХА Аналар кеңесі жұмысының басым бағытының бірі осы ұлт саулығы. Жақында мед.білім ұйымдарын бітірушілерді тәуелсіз сертификациядан өткізіп, біліктілігін растау бойынша депутаттық сауал болғанын білеміз. Бүгінгі түлектердің білім сапасы ертеңгі елдің саулығын түгелдейтінін ескерсек, бітірушілерге талап жоғары болғаны барлығымыз үшін қажет. Осы оймен Назипа Шанаи Ыдырысқызы ҚР Президенті жанындағы әйелдері істері және отбасы-демографиялық саясаты Ұлттық комиссиясы мүшесі ретінде Ұлттық тәуелсіз емтихан Орталығы жұмысымен танысты.
Посткеңістік елдері арасында аналогы жоқ халықаралық лицензиясы бар, ұлттық аккредитациядан өткен Орталықтың заманауи жабдықталуы - дәрігерлік қателіктердің алдын-алуға дайындайтын симмуляциялық орталығы, арнайы тестология кабинеттері, тест тапсырушының тесттен өту барысындағы барлық әрекеттерін жазып отыратын бақылау камералары, бастысы профессуралық деңгейдегі мықты мамандар мен жас ІТ мамандардан құралған тұрақты командасы бар. Орталықтың медициналық білім сапасын бақылау талаптары аса жоғары екені байқалады.
2023 жылғы 11 қазанда ҰТЕО-да дөңгелек үстел өтті
- Details
2023 жылғы 11 қазанда ҰТЕО-да Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.К. Бүркітбаевтың, ҚР ДСМ ҒАРД, ҚР ДСМ МФБК, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ, «Астана қаласы бойынша Денсаулық сақтау ұлттық палатасы» өкілдерінің қатысуымен денсаулық сақтау мамандарын (жеке тұлғаларды) лицензиялауды енгізу және денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау жүйесін трансформациялау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
ҰТЕО сарапшылары Дүниежүзілік банктің 2021 жылы «Денсаулық сақтау мамандарын лицензиялау және сертификаттау емтиханы жүйесін жетілдіру және енгізу бойынша консультациялық қызметтер» «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» Жобасы шеңберінде орындалған денсаулық сақтау мамандарын лицензиялау және сертификаттау модельдерінің жобасын ұсынды
Өзбекстан мамандары біздің орталықтан тәжірибе алмақ
- Details
Қаңтар айының басында Ұлттық Тәуелсіз тестілеу орталығының өкілдері Өзбекстанның Ташкент қаласында өткізілген "Жоғары медициналық білім беру реформалары: Орталық Азия білім беру "хабын" ұйымдастыру жолында" атты халықаралық оқу әдістемелік конференциясына қатысты. Алқалы жиын шеңберінде медициналық білім берудің өзекті мәселелері, медициналық сала мамандарын оқыту, кәсіби дайындық жүйесінде тәуелсіз бағалау мәселелері талқыланды. Онда мамандарымыз жинақталған тәжірибе негізінде мамандарды бағалау тәуелсіздігінің маңыздылығын және оның мемлекеттік ауқымдағы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына әсер ету мысалдарын көрсетті. Жиын соңында орталық басқармасының төрайымы Гүлмира Жангереева мен Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының ректоры Ж.Ризаев арасында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Айта кету керек, біздің орталық кезекті рет жан-жақты халықаралық ынтымақтастыққа және серіктестік байланыстарды жаһандық кеңейтуге дайын екендіктерін көрсетеді.
Еліміздің "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен кездесу өтті
- Details
13 ақпан күні Еліміздің "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның төрағалығы және денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және қосымша білім беру саласындағы жеке сектормен кездесу өтті.
Ұлттық Тәуелсіз емтихан орталығының басшысы Гүлмира Жангереева осы іс-шараға белсенді қатысып, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ынтымақтастыққа әрдаййым дайын екендігін жеткізді.
2019 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан делегациясының қатысуымен Бішкек қаласында тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
- Details
2019 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан делегациясының қатысуымен Қырғызстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) Бішкек қаласында ҚР мемлекеттік хатшысы - Қалысбек Шадыханов мырза басшылық еткен Министрлік өкілдерімен екі күндік сапары аясында «ҚР медициналық білім реформалары» жобасы ұйымдастырған «Кәсіби қызметті лицензиялау және лицензиялау жүйесі: шетелдік тәжірибе мен Қырғызстан үшін сабақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Швейцария Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігінің, білім және ғылыми ұйымдардың, облыстар мен қалалардың денсаулық сақтау бойынша үйлестірушілері, практикалық денсаулық сақтау ұйымдары, Қырғызстанның кәсіби қауымдастықтары, GIZ жобасының, MER жобасының өкілдері, ДДҰ қызметкері, сондай-ақ РҚБ «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» делегациясы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ҚР медицина қызметкерлерінің біліктілігін бағалау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында медициналық мамандардың тәуелсіз бағалау тәжірибесі талқыланды. ҚР ДСМ Адами ресурстарды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы Айгүл Бообекова ҚР медицина қызметкерлерін аттестаттау саласындағы қазіргі жағдаймен бөлісті. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының делегациясы тәуелсіз бағалаудың медициналық қызмет сапасына әсері туралы айтты.
Іс-шара соңында РҚБ «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» және И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
“Заманауи медициналық білім беру саласындағы сапа, үздіксіз жетілдіру және бенчмаркинг” семинары
- Details
ҚР ДСМ қолдауымен «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, «Ұлттық медицина университеті» АҚ, «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ, малайзия мен Қазақстанның медициналық білім беру саласындағы мамандарының қатысуымен «Заманауи медициналық білім беру саласындағы сапа, үздіксіз жетілдіру және бенчмаркинг» тақырыбында өткізетін халықаралық семинарына қатысуға шақырады.
Білім беру сапасы еліміздің саясатының басым бағыты болып табылады, бұл ретте медициналық білімге ерекше назар аударылады. Білім беру сапасын қамтамасыз ету және қолдау мәселесі бүкіл әлемде ерекше маңызға ие және өзектілікке ие болады, өйткені медициналық қызмет көрсету сапасына, медициналық көмекке қанағаттанушылыққа, жалпы денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейіне тығыз байланысты.
Семинар жұмысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, ДДСҰ сарапшылары, Малайзия, Қазақстанның медициналық білім саласындағы мамандар, сонымен қатар ЖОО және ғылыми орталықтардың қызметкерлері қатысады.
Семинар 2019 жылдың 4 - 6 ақпаны аралығында, Алматы қаласында,
Байтұрсынов к-сі, 139 «Garden Park Inn» қонақ үйі, 2-қабат, конференц-залда өткізіледі. Толығырақ ақпаратты және онлайн өтінішті келесі сілтемеден таба аласыздар: http://www.ksph.kz/?p=6020