Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері өзін-өзі бағалау рәсіміне белсенді қатысуда.
- Details
Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері өзін-өзі бағалау рәсіміне белсенді қатысуда.
Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы Қазақстанның барлық өңірлерінде тәжірибелі дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің өзіндік бағалауын жүргізеді. ҰТЕО денсаулық сақтау мамандарының білім мен дағдыларын бағалау ережелерін әзірледі, олармен үміткерлер www.gazexzam.kz сайтында ҒҚА бөлімінде таныса алады. Сондай-ақ ресми интернет-ресурста барлық медициналық мамандықтардың тест тапсырмалары мен клиникалық станциялардың алгоритмдері бар. Бұл емтихан қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Өзіндік бағалаудың оң нәтижесі сертификат алу және біліктілік санатын беру үшін негіз болып табылмайды. Өтініш берушілер мұндай сынақты байқау сынағы ретінде қарастырады. Бірақ өзіндік бағалаудың шарттары мен талаптары нақты бағалаудағымен бірдей.
Байқау біліктілік емтиханы екі кезеңде өтеді: теориялық білім - компьютерде тестілеу арқылы, практикалық дағдылар - симуляциялық жабдық негізінде тексеріледі.
Сонымен қатар, байқау біліктілік емтиханын тапсыру кезінде өтініш беруші қиындық тудыратын кезеңді таңдай алады. Клиникалық станциялардың саны мен атаулары сондай-ақ өтініш берушінің таңдауы бойынша анықталатынын айтып кеткен жөн.
Бұдан басқа, өзіндік бағалау (байқау тестілеу) клиникалық практикаға қабылдау үшін сертификаттау шеңберінде жүзеге асырылады.
Интерндер өзіндік бағалау тестілеуінен медициналық жоғары оқу орындарының базасында ҰТЕО мамандарының бақылауымен өтуі мүмкін.
ҰТЕО емтихан жобасын аймақтарда on-line режимде енгізілуде
- Details
2018 жылдың екінші тоқсанында практикалық дағдыларды бағалаудың онлайн режимі Алматы облысында енгізіледі.
Оn-line бағалаудың сынамалы жобасы Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығымен Астана қаласында 2018 жылдың бірінші тоқсанында енгізілгенін еске сала кетейік. Қазір осы жобаны жүзеге асыру географиясы кеңейіп келеді.
Нақты уақытта емтихан алушылар клиникалық станциялардағы үміткерлердің практикалық дағдыларын басқа бөлмеден байқап бағалайды. Бұл - мониторлар орнатылған арнайы жабдықталған бөлме. Бейне және дыбыстық жабдықтар өтініш берушілердің жауаптарын ыңғайлы бекіту үшін бейімделген. Бұл жұмыс формасы тиімдірек, себебі «бақылаушы әсері» азаяды және үміткерлер клиникалық жағдайды орындауға көңіл бөледі.
Бүгінде елде 1-ші маусымда аяқталатын денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілік санаттарын иелену емтихандары басталғанын айта кету керек. Қолданыстағы рәсімдерге сәйкес, емтихандар аяқталған соң, нәтижелер www.qazexam.kz сайтында жарияланады.
Бағалау нәтижесі шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Бұдан әрі, үміткерлер бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттеріне біліктілік санатын беру туралы куәлік алу үшін ұсынады.
Қазақстанның 8 медицина ЖОО ғалымдары ҰТЕО тестілеу жұмысын жоғары бағалады.
- Details
Сарапшылар тобы ҰТЕО тестологтары әзірлеген тәуелсіз сараптама сұрақтарын жоғары бағалады. Сарапшылар ретінде республиканың медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылым докторлары болды. Бұл 6 негізгі мамандық бойынша: терапия, хирургия, акушерлік және гинекология, педиатрия, жалпы дәрігерлік практика және стоматология бойынша интернатура түлектерінің білімдерін бағалауға мүмкіндік беретін тестілеудің жаңартылған дерекқоры екенін атап өткен жөн.
Сарапшылар ҰТЕО-мен 5-7 жыл бойы бірге қызмет жасап жатқанын атап өтті. Биылғы жылы тестілеу сапасы әлдеқайда жақсы. Тестілеуге деген көзқарас өзгерді, терминология, жауап нұсқалары шындыққа жақындады. Медицина ЖОО оқытушылары сұрақтардың күрделенгенін ерекше атап өтті. Тақырып жоспарларынан немесе жұмыс бағдарламасынан тыс тест сұрақтары жоқ. Барлық тапсырмалар студенттердің университетте алған білімдеріне негізделген. Сарапшылардың айтуынша, артық ештеңе жоқ.
ҰТЕО мамандары интернатура түлектері үшін тестілеу тапсырмаларын алты айға дейінгі мерзімде дайындады. Тапсырмалар орыс тілінде жазылып, содан кейін қазақ тіліне аударылды. Тестілеудің жұмысын сарапшылар 2 күн бойы бағалады. Зерттеу нәтижелері бойынша ҰТЕО білім мен дағдыларды бағалау департаментінің тестілеу бөлімінің мамандары барлық ескертулерді ескеріп, қажетті өзгерістер енгізеді. Содан кейін ғана жаңартылған деректер базасы ақпараттық интеграцияланған жүйеге жүктелді.
Жедел жәрдем және санитарлық авиацияның бас дәрігерлері өз білімдерін бағалады.
- Details
Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы жедел жәрдем станциялары және санитарлық авиация басшыларының кәсіби құзыреттілік білімдерін бағалады. Аттестациялауды жүргізу үшін жедел жәрдем көрсетудің негізгі құзыреттерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына және 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 933 бұйрығына сәйкес жасалған ең жақсы жауаппен бірнеше мәрте таңдау бойынша тестілеу сұрақтары пайдаланылды.
Білімді бағалау республиканың төтенше жағдайлар жөніндегі бас дәрігерлері мен олардың орынбасарларына жүргізілді. Тестілеудің шекті деңгейі (өту нүктесі) 70% құрайды. Ең жоғарғы көрсеткішті Павлодар облыстық төтенше медициналық жәрдем станциясының басшылары көрсетті.
Күлсара Досмамбетова, ҰТЕО білім мен дағдыны бағалау департаментінің тестілеу бөлімінің басшысы
- ЖЖС-ның көптеген басшылары Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрықтарымен және тиісті нормативтік-құқықтық актілерімен толық таныспаған. Бұл бағалау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен жүргізілді. Тестілеу сұрақтар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің төтенше және жедел медициналық көмек бұйрықтарының негізінде жасалған.
ҰТЕО Республикалық санитарлық авиация орталығының басшылығымен бірге сынақ сұрақтарын сараптамалап мақұлдады.
ҰТЕО жоғары алқалық кеңесі құрылды
- Details
2018 жылдың 4-ші сәуірінде «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінің жалпы кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау саласының білім ұйымдары мен ғылым ұйымарының оқушылары мен түлектері, ғылыми-педагогикалық кадрлардың, денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіптік құзіретін тәуелсіз бағалау мен сертфикаттау, лицензилауға қатысты сұрақтарды шешуде Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік жындарда тиімді іс-әрекет пен оны ілгерілетуге Жоғары алқалық кеңес (ЖАК) – қоғамдастық органы құрылды.
Отырысқа ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ұлттық және ғылыми медициналық орталықтар басшылары, медициналық жоғары оқу орындарының жетекшілері, Қазақстан медициналық колледждерінің кеңесі өкілдері және тағы басқалар қатысты.
Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаева құттықтау сөз сөйлеп, ҰТЕО-на тәуелсіз, өзін-өзі реттеу жұмыстары берілгеннен бері қызметіндегі жедел өзгерістердін болғандығын атап өтті. ЖАК құру түріндегі алқалық шешім институтын ендіру нышандары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудегі барлық медициналық қауымның ұжымдық пікірін талқылау, мақсат-міндеттерді жүзеге асыру барысында келісімдеу үшін бірыңғай платформаны құруға негізгі көрініс тапқан алғашқы нысан екендігін айтты.
ҰТЕО-да Жоғары алқалық кеңес отырысы өткізіледі.
- Details
2018 жылдың 4-ші сәуірінде Астана қаласының «Astana Marriott Hotel» конференц-залында мамандандырылған басқару органы басқармасы әрекет ететін Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының Жоғары алқалық кеңес отырысы (бұдан әрі – ҰТЕО ЖАК) өтеді.
Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ұлттық және ғылыми медициналық орталықтар басшылары, медициналық жоғары оқу орындарының жетекшілері, Қазақстан медициналық колледждерінің кеңесі өкілдері және тағы басқалар қатысады.
Кездесудің басты мақсаты: денсаулық сақтау саласының білім ұйымдары мен ғылым ұйымдарының оқушылары мен түлектері, педагогикалық кадрлардың, денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіптік құзіретін бағалау арқылы медициналық қызмет сапасын көтеру мен ҚР халық денсаулығын қорғау бойынша медициналық кәсіптік қоғамдастықтың маңызды сұрақтарын қарауды үйлестіруге күш салу.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сапа жөніндегі бірккен комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілік сәйкестілігін растауды жүзеге асыру үшін 2017 жылдың 27 желтоқсанында «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігін аккредиттеуден өткенін еске саламыз.