Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы жедел жәрдем станциялары және санитарлық авиация басшыларының кәсіби құзыреттілік білімдерін бағалады. Аттестациялауды жүргізу үшін жедел жәрдем көрсетудің негізгі құзыреттерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына және 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 933 бұйрығына сәйкес жасалған ең жақсы жауаппен бірнеше мәрте таңдау бойынша тестілеу сұрақтары пайдаланылды.
Білімді бағалау республиканың төтенше жағдайлар жөніндегі бас дәрігерлері мен олардың орынбасарларына жүргізілді. Тестілеудің шекті деңгейі (өту нүктесі) 70% құрайды. Ең жоғарғы көрсеткішті Павлодар облыстық төтенше медициналық жәрдем станциясының басшылары көрсетті.
Күлсара Досмамбетова, ҰТЕО білім мен дағдыны бағалау департаментінің тестілеу бөлімінің басшысы
- ЖЖС-ның көптеген басшылары Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрықтарымен және тиісті нормативтік-құқықтық актілерімен толық таныспаған. Бұл бағалау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен жүргізілді. Тестілеу сұрақтар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің төтенше және жедел медициналық көмек бұйрықтарының негізінде жасалған.
ҰТЕО Республикалық санитарлық авиация орталығының басшылығымен бірге сынақ сұрақтарын сараптамалап мақұлдады.
Нәтижелерге келер болсақ, сарапшыға өткені немесе өтпегені туралы нәтиже беріледі. Содан кейін сол нәтижелер Республикалық санитарлық авиация орталығының басшылығына жіберіледі. Тестілеу нәтижелері басшылар мен орынбасарларының аттестациясында маңызды рөл атқарады.
ҰТЕО мамандары тесттілеу сұрақтарын бір айдың көлемінде дайындады. Олар бөлімдер мен күрделілік деңгейлері бойынша құрастырылған. Тестілеудің нәтижелері басшысының лауазымына сәйкестігін анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін. Нəтиже сынақтан кейін бірден беріледі. Кері байланысты жақсарту мақсатында қатысушылар емтихан алушылардың жұмысын бағалайтын сауалнамаларды толтырады, көтерілген мәселелердің сапасын және жалпы алғанда сертификаттау жұмыстарына баға береді. Сонымен қатар, тестілеудің соңында ҰТЕО сарапшылары емтихан тапсырушылардың дұрыс жауап берген және қателескен сұрақтарын анықтау мақсатында статистикалық өңдеуді жүргізеді.