Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығында QR-код енгізілді.

Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы 2018 жылдың 23-қаңтарынан бастап кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау нәтижелерін бағалау рәсімдерін жасауда жасандылықтан қорғау мақсатында  халықаралық стандарт талаптарына сәйкес құжаттарды қорғау және сканерлеу құралы арқылы жеңіл анықтайтын QR – код ақпараттық технологиясын енгізді.

Әр бағалау нәтижесіне  QR бірегей код беріледі. Ол ҰТЕО нәтижені бағалау бланкісінде орналастырылады. QR –код анықтайтын құрал арқылы сканерлегенде, смартфон қосымшаларында да болады, ҰТЕО ресми www.qazexam.kz. сайтында бағалаудан өту туралы орналастырылған ақпарат автоматты түрде ашылады.