2019 жылдың 25 қаңтарында, жұма күні, Ұлттық ғылыми медициналық орталығында Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың республикалық бірлестігі ұйымдастырған тәуелсіз медициналық сарапшылар мен медиаторлардың алғашқы кездесуі өтті.

Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, «Астана қаласы тәуелсіз медициналық сарапшылардың қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің, Халықаралық медиация мен Заң орталығы «Согласие» және «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ-нің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында медициналық қызметтердің сапасын көтеруге байланысты бірқатар мәселелерді шешу үшін бір диалог алаңында күш біріктіру қажеттілігі туралы сұрақтар көтерілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша жиналған сарапшылар өзекті мәселелерді талқылау, талдау, ұсыныстарын қосу үшін бірлескен ынтымақтастық «Тәуелсіз сарапшылар мен медиаторлар кеңесін» құру туралы келісімге қол жеткізді. Кеңестің Президенті болып бірауыздан - Байгенжин Абай Қабатайұлы, және де элект-президенті - Малтабарова Нұрила Аманғалиқызы сайланды.

Астанада медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі декларацияны қабылдауға арналған жаһандық конференция қазанның 25-26-сы күндері өтуде. Шараны Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ балалар қоры мен ел үкіметі ұйымдастырып отыр. Оған әлемнің жүзден астам елінен 800 ден астам делегация қатысады деп күтіледі. Конференция барысында жоғары деңгейдегі алты пленарлық отырыс пен 18 сессия өтеді. Айта кетейік, Астана декларациясы 40 жыл бұрын қабылданған Алматы декларациясына қосымша ретінде қабылданады.

Апробацияға 40 резидент - Қазақстан Республикасының барлық медициналық ғылыми ұйымдары мен ЖОО өкілдері қатысты.

Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің, оқу-әдістемелік бірлестігінің мүшелері сынақтан өтуге үміткерлердің тізімін қалыптастыруға қатысты.

Апробациядан кейін тест тапсырмалары бойынша анонимді сауалнама жүргізілді. Осы сауалнама барысында резиденттер сұрақтардың сапасы, олардың мемлекеттік тілге аударылуы және оқу жоспарының сақталуы туралы өз пікірін білдіруге мүмкіндік алды.

Барлық сауалнамалар ҰТЕО жұмысын одан әрі жетілдіру үшін талданады және пайдаланылады.

Анықтама үшін:

Апробация - оқытушылардың білімін ресми бағалауға арналған байқау тестілеуі. Ол тест сұрақтарын жетілдіруге, қателерді жоюға, тесттің оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін анықтауға және білімді бағалау процесін қамтамасыз ететін компьютерлік бағдарламаның жұмысын тексеруге арналған. Апробация тәуелсіз сараптама алдында қажетті қадам болып табылады.

Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының құрылуы мен дамуы халықаралық озық тәжірибеге сәйкес және АҚШ-тың Медициналық сарапшылардың ұлттық кеңесі ұсынған халықаралық консультанттармен тығыз ынтымақтастықта жүргізілді.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды  дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова «Хабар» телеарнасынан осы және басқа да көптеген нәрселер туралы әңгімеледі. Толық сұхбатқа сілтеме. Толық видео

Мейірбике ісі жөніндегі 1-ші Халықаралық Конференция Қазақстан мен АҚШ арасындағы мейірбике ісін дамытудағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтты. ҰТЕО мен АҚШ-тың  Медбикелер Мемлекеттік Кеңесінің Ұлттық Комитеті (NCSBN) ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты - халықаралық ынтымақтастық климатын жақсарту, ғылым мен медицина дамуындағы кедергілерді анықтау және жою, денсаулық сақтау секторындағы қорлар мен қауымдастықтармен жұмыс жасау сияқты салаларда ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа негізі қалау болып табылады. Келісімдер медбикелердің білімдері мен дағдыларын бағалау арқылы денсаулық сақтау жүйесін жақсартады. Осы ресми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың ерекшелігі ұлттық колорит болғанын айта кету керек. Екі жақ қазақтың киіз үйінде келісімге қол қойды.

NCSBN және ҰТЕО 2017 жылы американдық әріптестерінің шақыруымен Чикагодағы NCSBN орталығында орта медицина қызметкерлерін лицензиялау және аттестациялаудың халықаралық тәжірибесін зерттеген кезде өздерінің ынтымақтастығын бастады. ҰТЕО өкілдері емтихан материалдарын әзірлеу тәжірибесімен, психометриялық талдауды пайдалана отырып, нәтижелерді есептеумен, сондай-ақ медициналық реттеу және лицензиялаудағы ақпараттық технологиялармен танысты. ҰТЕО биыл NCSBN-ге мүшелікке өтініш білдіргенін атап өту керек.

Естеріңізге сала кетейік, ҰТЕО 22-23 маусымда Астанада өткен «Мейірбике ісі» атты Бірінші халықаралық конференцияны ұйымдастырушылардың бірі болды. Конференцияға АҚШ, Канада, Финляндия, Беларусь, Қырғызстан сарапшылары,  ДДСҰ және ЮНИСЕФ өкілдері, медицина қызметкерлері, медбикелер, республиканың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері, облыстық денсаулық сақтау департаменттерінің өкілдері, жетекші медициналық ЖОО мен колледждердің оқытушылары қатысады.

Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы 22-23-маусымда Астана қаласында өтетін Мейірбике ісі жөніндегі бірінші халықаралық конференцияның ұйымдастырушыларының бірі болды. Бұл шара мейірбике ісінің тиімділігін арттырады. Спикер ретінде АҚШ, Канада, Финляндия, Беларусь, Қырғызстан сарапшылары болады. Конференцияға медицина қызметкерлері, республиканың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері, ДДСҰ және ЮНИСЕФ өкілдері, облыстық денсаулық сақтау департаменттері, сондай-ақ жетекші медициналық ЖОО мен колледждердің оқытушылары қатысады. Олар медбике ісін басқарудың жаңа тәсілдерін, медбикелердің білімдері мен дағдыларын бағалау мәселелерін, сондай-ақ медбикелердің медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігі, мейірбике тәрбиесі және зерттеу саласындағы рөлін талқылайды. Халықаралық конференция кәсіби диалогтың тиімді алаңы болады. ДСДРО және ҰТЕО барлық мүдделі тұлғаларды конференцияға қатысуға шақырады. Бағдарламамен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының сайтында танысуға болады. http://www.rcrz.kz/index.php/ru/conf0618-4

12 мамыр халықаралық күнтізбеде мейірбике күні деп белгіленген. Қазіргі кезде мейірбикелер денсаулық сақтау қызметкерлерінің ең үлкен санатын құрайды. Медициналық тәжірибеде медицина қызметтерінің үлкен бөлігі медбикелермен жүзеге асырылады. Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  ДСДРО деректері бойынша 170 мыңнан астам орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді.