Медбике ісі бойынша І халықаралық конференция Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты нығайтты

Мейірбике ісі жөніндегі 1-ші Халықаралық Конференция Қазақстан мен АҚШ арасындағы мейірбике ісін дамытудағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтты. ҰТЕО мен АҚШ-тың  Медбикелер Мемлекеттік Кеңесінің Ұлттық Комитеті (NCSBN) ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты - халықаралық ынтымақтастық климатын жақсарту, ғылым мен медицина дамуындағы кедергілерді анықтау және жою, денсаулық сақтау секторындағы қорлар мен қауымдастықтармен жұмыс жасау сияқты салаларда ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа негізі қалау болып табылады. Келісімдер медбикелердің білімдері мен дағдыларын бағалау арқылы денсаулық сақтау жүйесін жақсартады. Осы ресми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың ерекшелігі ұлттық колорит болғанын айта кету керек. Екі жақ қазақтың киіз үйінде келісімге қол қойды.

NCSBN және ҰТЕО 2017 жылы американдық әріптестерінің шақыруымен Чикагодағы NCSBN орталығында орта медицина қызметкерлерін лицензиялау және аттестациялаудың халықаралық тәжірибесін зерттеген кезде өздерінің ынтымақтастығын бастады. ҰТЕО өкілдері емтихан материалдарын әзірлеу тәжірибесімен, психометриялық талдауды пайдалана отырып, нәтижелерді есептеумен, сондай-ақ медициналық реттеу және лицензиялаудағы ақпараттық технологиялармен танысты. ҰТЕО биыл NCSBN-ге мүшелікке өтініш білдіргенін атап өту керек.

Естеріңізге сала кетейік, ҰТЕО 22-23 маусымда Астанада өткен «Мейірбике ісі» атты Бірінші халықаралық конференцияны ұйымдастырушылардың бірі болды. Конференцияға АҚШ, Канада, Финляндия, Беларусь, Қырғызстан сарапшылары,  ДДСҰ және ЮНИСЕФ өкілдері, медицина қызметкерлері, медбикелер, республиканың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері, облыстық денсаулық сақтау департаменттерінің өкілдері, жетекші медициналық ЖОО мен колледждердің оқытушылары қатысады.

Қатысушылар медбикелік қызметті басқарудың жаңа тәсілдерін, медбикелердің білімі мен дағдыларын бағалау, білім беру және ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы медбикелердің рөлін талқылады. Халықаралық конференция кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және конференция қатысушыларының одан әрі ынтымақтастығы үшін тиімді алаңға айналды.