Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері өзін-өзі бағалау рәсіміне белсенді қатысуда.
Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы Қазақстанның барлық өңірлерінде тәжірибелі дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің өзіндік бағалауын жүргізеді. ҰТЕО денсаулық сақтау мамандарының білім мен дағдыларын бағалау ережелерін әзірледі, олармен үміткерлер www.gazexzam.kz сайтында ҒҚА бөлімінде таныса алады. Сондай-ақ ресми интернет-ресурста барлық медициналық мамандықтардың тест тапсырмалары мен клиникалық станциялардың алгоритмдері бар. Бұл емтихан қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Өзіндік бағалаудың оң нәтижесі сертификат алу және біліктілік санатын беру үшін негіз болып табылмайды. Өтініш берушілер мұндай сынақты байқау сынағы ретінде қарастырады. Бірақ өзіндік бағалаудың шарттары мен талаптары нақты бағалаудағымен бірдей.
Байқау біліктілік емтиханы екі кезеңде өтеді: теориялық білім - компьютерде тестілеу арқылы, практикалық дағдылар - симуляциялық жабдық негізінде тексеріледі.
Сонымен қатар, байқау біліктілік емтиханын тапсыру кезінде өтініш беруші қиындық тудыратын кезеңді таңдай алады. Клиникалық станциялардың саны мен атаулары сондай-ақ өтініш берушінің таңдауы бойынша анықталатынын айтып кеткен жөн.
Бұдан басқа, өзіндік бағалау (байқау тестілеу) клиникалық практикаға қабылдау үшін сертификаттау шеңберінде жүзеге асырылады.
Интерндер өзіндік бағалау тестілеуінен медициналық жоғары оқу орындарының базасында ҰТЕО мамандарының бақылауымен өтуі мүмкін.