2018 жылдың екінші тоқсанында практикалық дағдыларды бағалаудың онлайн режимі Алматы облысында енгізіледі.
Оn-line бағалаудың сынамалы жобасы Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығымен Астана қаласында 2018 жылдың бірінші тоқсанында енгізілгенін еске сала кетейік. Қазір осы жобаны жүзеге асыру географиясы кеңейіп келеді.
Нақты уақытта емтихан алушылар клиникалық станциялардағы үміткерлердің практикалық дағдыларын басқа бөлмеден байқап бағалайды. Бұл - мониторлар орнатылған арнайы жабдықталған бөлме. Бейне және дыбыстық жабдықтар өтініш берушілердің жауаптарын ыңғайлы бекіту үшін бейімделген. Бұл жұмыс формасы тиімдірек, себебі «бақылаушы әсері» азаяды және үміткерлер клиникалық жағдайды орындауға көңіл бөледі.
Бүгінде елде 1-ші маусымда аяқталатын денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілік санаттарын иелену емтихандары басталғанын айта кету керек. Қолданыстағы рәсімдерге сәйкес, емтихандар аяқталған соң, нәтижелер www.qazexam.kz сайтында жарияланады.
Бағалау нәтижесі шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Бұдан әрі, үміткерлер бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттеріне біліктілік санатын беру туралы куәлік алу үшін ұсынады.