Астанада медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі декларацияны қабылдауға арналған жаһандық конференция қазанның 25-26-сы күндері өтуде. Шараны Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ балалар қоры мен ел үкіметі ұйымдастырып отыр. Оған әлемнің жүзден астам елінен 800 ден астам делегация қатысады деп күтіледі. Конференция барысында жоғары деңгейдегі алты пленарлық отырыс пен 18 сессия өтеді. Айта кетейік, Астана декларациясы 40 жыл бұрын қабылданған Алматы декларациясына қосымша ретінде қабылданады.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі: – Қазіргі күнгі медицина 40 жылдағы медицинамен салыстырғанда, біршама дамыды. Бұрын білмейтін ауруларды қазір бес минуттің ішінде біле аламыз. Түрлі томографиялар бар. Ақпараттық цифрлық технологиялар бар. Соның бәрін дұрыс пайдалануымыз қажет. Қазіргі күнгі және келешекте қалай дамытамыз деген келісім үшін Астана декларациясы әзірленіп отыр.
Конференция Қазақстан үшін тарихи маңызы бар. 1978 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық конференциясы ЮНИСЕФ-пен 157 мемлекет өкілдерінің қатысуымен бастапқы медициналық-санитарлық көмек мәселелері бойынша Конференция өткізілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтауды дамытуға айтарлықтай әсер еткен бастапқы медициналық-санитарлық көмек туралы тарихи Алматы декларациясын қабылдады.
ҰТЕО қызметкерлері конференцияға тыңдаушылар ретінде қатысуда.
LIVE: Конференция
https://player.4am.ch/…/20181025-26_…/kazakhstan/player.html