ҰТЕО-да Жоғары алқалық кеңес отырысы өткізіледі.

2018 жылдың 4-ші сәуірінде Астана қаласының «Astana Marriott Hotel» конференц-залында мамандандырылған басқару органы басқармасы әрекет ететін Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының Жоғары алқалық кеңес отырысы (бұдан әрі – ҰТЕО ЖАК) өтеді.

Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ұлттық және ғылыми медициналық орталықтар басшылары, медициналық жоғары оқу орындарының жетекшілері, Қазақстан медициналық колледждерінің кеңесі өкілдері және тағы басқалар қатысады.

 

Кездесудің басты мақсаты: денсаулық сақтау саласының білім ұйымдары мен ғылым ұйымдарының оқушылары мен түлектері, педагогикалық кадрлардың, денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіптік құзіретін бағалау арқылы медициналық қызмет сапасын көтеру мен ҚР халық денсаулығын қорғау бойынша медициналық кәсіптік қоғамдастықтың маңызды сұрақтарын қарауды үйлестіруге күш салу.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сапа жөніндегі бірккен комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және  біліктілік сәйкестілігін растауды жүзеге асыру үшін 2017 жылдың 27 желтоқсанында «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігін аккредиттеуден өткенін еске саламыз.  

 

 

Қабылданған шаралар практикаға рұқсат беретін медициналық қызметкерлердің білімі мен дағдыларын бағалау сапасын және сенімділікті жоғарылатады, бағалаудағы жемқорлық тәуекелдерін жояды және халық денсаулығын сапасыз әзірленген мамандардан қорғауға бағытталған.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және  біліктілік сәйкестілігін растауды жүзеге асыру бағалауын жақсарту ҰТЕО-ғын дамытудың келешегіне және осы процесс адам факторының ықпалынсыз автоматты түрде іске асыруға бағытталған.

 

ҰТЕО ЖАК функцияларының бірі - мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қадағалау, денсаулық сақтау мамандарын сертификациялау сұрақтары бойынша нормативтік актілер мен құжаттарды әзірлеу бойынша ұсыныстарды, болашақта лицензиялау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының білім беру және ғылыми ұйымдардың түлектері мен  педагогикалық кадрларын білім беру бөлігінде құзіретін бағалау.