Медицина мамандарының білім мен дағдыларын бағалауға ауысу үміткерлер шығындарын азайтты

2018 жылдан бастап медицина мамандарының білім мен дағдыларын бағалаудың мемлекеттен тәуелсіз ортаға ауысуы үміткерлер үшін емтихан өткізу шығындарын қысқартты. Осыған орай, бағалау өткізу құны да төмендеді.  

 

Бағалау қызметтерін ҰТЕО тәуелсіз ұйымына берілгеннен уақыттан бері сертификаттау құны 1,7% дейін, біліктілік санаттарына  6-дан 12 % дейін төмендеді.  Бағалау тәртібін сақтай отырып, әкімшілік шығындардың азаюуы мен бағалау үрдісін оңтайландыру барысында бағалау құны төмендеді. 

 

Аймақтық сарапшылардың, тестілеушілердің, емтихан материалдарының сарапшларын, стандартталған пациенттің, құрал-жабдықты жалға алу, материалдар шығындары, интернет пен байланыс  сияқты т.б. шығындар бағалау құнына кіргізілген. 

 

Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты  денсаулық сақтау саласы мамандарының құзіреті мен медициналық білім беру ұйымдарының түлектерінің емтихандарын халықаралық талаптарға жақындата отырып, ҰТЕО бағалау рәсімдерін алға жетілдіруді жоспарлап отыр.

 

Кезең-кезеңімен бағалаудың жаңа жүйесін енгізу денсаулық сақтау мамандарының білім жүйесінің реформасын сәтті жүзеге асырылуына, сертификаттауға, медициналық көмек сапасына және денсаулық сақтау мамандар тәжірбиесінің потенциалының артуына ықпал етеді. 

Толығырақ ақпаратты ҰТЕО www.qazexam.kz.ресми сайтынан алуға болады.