Өзін-өзі реттеу

«Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ – бұл кәсіби қызмет субъектілерінің ерікті мүшелігіне негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым. 2018 жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне кірген.

ҰТЕО өзін-өзі реттеудің жалпы принциптері:

  1. заңдылық – «өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзін-өзі реттеуді енгізу және жүзеге асыру;
  2. теңдік – өз мүшелерінің тең құқықтары мен міндеттерінің болуы;
  3. өзін-өзі қаржыландыру;
  4. жауапкершілік;
  5. қызметтің ашықтығы;
  6. іскерлік және кәсіби бедел;
  7. өзара көмек және өз мүшелерінің мүдделерін қорғау;
  8. тәуелсіздік;
  9. адал бәсекелестік

ҰТЕО қағидалары мен стандарттары «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы заңнамасының және іскерлік әдеп қағидаларының талаптарына сәйкес әзірленді.

Мұнда өзін-өзі реттеу ережелері мен стандарттары.  

ҰТЕО

Қазақстан Республикасының кәсіби қоғамдастығы аккредиттеген және мойындаған жетекші, Денсаулық сақтау мамандары мен білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар түлектерінің құзыреттерін бағалау орталығы.

©2024 Национальный центр независимой экзаменации