Image

Медициналық оқиға

Жалпы ақпарат

Сертификаттау курсы – мамандық бейіні шеңберінде арнайы мамандану бойынша қосымша кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны. Сертификаттау курсын аяқтағаннан кейін тыңдаушылар қорытынды бақылаудан (кәсіби даярлығын бағалау) өтеді, оның нәтижелері бойынша сертификаттау курсын аяқтау туралы құжат беріледі.

Сертификаттау курсынан өту шеңберінде кәсіби даярлықты бағалау (қорытынды бақылау) екі кезеңде жүргізіледі:

  • білімді бағалау – алынған мамандандыру бойынша кәсіби білім деңгейін анықтау;
  • дағдыларды бағалау – кейстерді (жағдаяттарды) орындау кезінде шешім қабылдау дағдыларын меңгеруді анықтау.

Білім мен дағдыларды бағалау белгіленген бағалау күні мен уақытына сәйкес сертификаттау курсын аяқтағаннан кейін Қазақстандағы ҰТЕО филиалдары мен өңірлік өкілдіктерінің базасында өтеді.

Сертификаттау курсының аяқталуы бойынша бағалаудан өту үшін тыңдаушылар www.exam.ncie.kz сайтында орналасқан ҰТЕО ақпараттық платформасында тіркелуі (жеке кабинеті болуы) қажет.

Бағалау форматы
Құны және төлем
Бағалауға тіркелу
Емтихан материалы

ҰТЕО

Қазақстан Республикасының кәсіби қоғамдастығы аккредиттеген және мойындаған жетекші, Денсаулық сақтау мамандары мен білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар түлектерінің құзыреттерін бағалау орталығы.

©2024 Национальный центр независимой экзаменации