Біздің миссиямыз: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша денсаулық сақтау мамандарының, білім алушылар мен білім беру бағдарламаларының түлектерінің кәсіби даярлығын бағалау арқылы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау және медициналық қызметтердің сапасын арттыру
Біздің тарихымыз
ҰТЕО:
- Дербес кәсіби практикаға жіберу шеңберінде мамандардың кәсіби даярлығын бағалау;
- Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыру;
- Денсаулық сақтау мамандарының кәсіби біліктілігін тану арқылы денсаулық сақтау мамандарының мәртебесін арттыру мақсатында 2017 жылы құрылды.
Содан бері біз медициналық білім беруді бағалауды одан әрі дамыту үшін жұмыс істеп келеміз.
ҰТЕО стратегиясы 4 бастамаға негізделген:
- серіктестікті кеңейту және нығайту;
- құзыреттерді тәуелсіз бағалау жүйесін ілгерілету;
- емтихан материалын әзірлеу бойынша сарапшыларды даярлау;
- өнімділікті талдау – жетілдіру құралы.
ҰТЕО бүгінгі таңда
- Қазақстанның барлық өңірлеріндегі филиалдар мен өңірлік өкілдіктері бар;
- құзыреттерді бағалау, психометрия және ақпараттық қауіпсіздік саласында халықаралық сертификаты бар 30-дан астам қызметкер;
- кеңейтілген функционалдығы, биометриялық сәйкестендіру жүйесі, онлайн прокторинг және E-license интеграциясы бар меншікті бағалау ақпараттық платформасы;
- 100 бірліктен астам симуляциялық жабдық;
- 50 000-нан астам емтихан материалы