Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды бағалау
Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттау – жеке тұлғаның біліктілігінің салалық біліктілік шеңберінде және денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау рәсімі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындығын қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындығын айқындау.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманын сертификаттауды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау мамандарын сертификаттау шеңберінде денсаулық сақтау мамандарының кәсіби даярлығын бағалауды (клиникалық практикаға жіберуді) ҰТЕО екі кезеңде жүргізеді:
- білімді бағалау – тізбеге сәйкес мәлімделген мамандық бойынша медициналық білім деңгейін анықтау;
- дағдыларды бағалау – ситуациялық есептерді шешуде клиникалық және сыни ойлауды меңгеруді анықтау.
Білім мен дағдыларды бағалау Қазақстандағы ҰЭО филиалдары мен өңірлік өкілдіктерінің базасында бағалаудың белгіленген күні мен уақытына сәйкес өтеді.
Сертификаттау шеңберінде кәсіби даярлығын бағалауға жататын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары:
- мамандығы бойынша кәсіби қызметінде бес жылдан астам үзілісі бар;
- сертификаттау курсынан өткен мамандар;
- Қазақстан Республикасының аумағында танылатын рұқсат құжаттары және лицензиялық және (немесе) сертификаттық емтихандары жоқ шетелдік мамандар;
- «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін, танудан босататын халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білім беру ұйымдарын және (немесе) үш халықаралық академиялық рейтингке кіретін және алғашқы 250 (екі жүз елу) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен екі және одан да көп позиция бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған және оқыған мамандар.