Image

Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы бакалавриат (орта білімнен кейінгі білім) білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіби даярлығын бағалау

Жалпы ақпарат

Қолданбалы бакалавриат түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау бітірушінің біліктілігінің Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында оқытудың түпкілікті нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі және қорытынды аттестаттау құрылымына кіреді.

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының түлектері оқуды аяқтағаннан кейін бағалауға жатады.

Білім беру бағдарламаларының түлектерін бағалау екі кезеңнен тұрады:

  1. білімді бағалау;
  2. дағдыларды бағалау.

Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен түлектерге білім туралы диплом беріледі және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алуға мүмкіндік береді.

Бағалау ҰТЕО филиалдары мен өңірлік өкілдіктерінің немесе денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында түлектің таңдауы бойынша тілде (қазақ, орыс немесе ағылшын) жүргізіледі.

Бағалау форматы (білім мен дағдыларды бағалау)
Тест спецификациясы және практикалық дағдылар тізімі
Емтихан материалы
Бағалауға тіркелу
Өзін-өзі бағалау
Төлем

ҰТЕО

Қазақстан Республикасының кәсіби қоғамдастығы аккредиттеген және мойындаған жетекші, Денсаулық сақтау мамандары мен білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар түлектерінің құзыреттерін бағалау орталығы.

©2024 Национальный центр независимой экзаменации