2026 жылғы 12 мамырда «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» Астанада өткен Халықаралық мейіргерлер күніне арналған «Қазіргі заманғы денсаулық сақтау бағыттары: өкілеттіктерді табыстау, сапа, қауіпсіздік» атты Республикалық ғылыми‑тәжірибелік конференцияға қатысты.
Іс‑шара аясында «Әртүрлі деңгейдегі мейіргерлердің құзіреттілік профилі: тәуелсіз бағалау нәтижелері» тақырыбында баяндама ұсынылды.
Баяндамада мейіргерісі мамандарының компетенцияларын тәуелсіз бағалау нәтижелері таныстырылып, Қазақстанның қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіби рөлдердің дамуы мәселелері талқыланды. Конференция мейіргерлік практика, медициналық көмек сапасы мен қауіпсіздігін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін еліміздің жетекші сарапшыларын, медициналық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің өкілдерін біріктірді.
Кәсіби диалог пен тәжірибе алмасудың одан әрі дамуы мейіргерлік істі жетілдіруге және елдегі медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.


