Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы Түркістан қаласында өткен мейіргерлік қызмет мамандарының IV съезінде құзыреттілікті бағалау ұлттық жүйесі саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Бұл съезд мейіргерлік қызметті дамытуға бағытталған сарапшылар қауымдастығын біріктірді.
Ғаламдық өзгерістер, созылмалы аурулардың өсуі және медицинаның цифрлануы жағдайында мейіргерлердің рөлі шешуші мәнге ие болуда. Съезд аясында практикалық дағдылар мен клиникалық ойлауды бағалаудың өзекті тәсілдері, халықаралық стандарттарды ұлттық тәжірибеге енгізу және кадрларды даярлау мен сертификаттауды жақсарту шаралары талқыланды.
ҰТЕО өкілі «Мейіргерлердің құзыреттілігін бағалаудың ұлттық жүйесі: тәжірибе, қиындықтар және мүмкіншілктері» тақырыбында пленарлық отырыста баяндама жасады; онда тәуелсіз бағалау нәтижелері, сертификаттаудың негізгі қиындықтары және мейіргерлік кадрларды даярлауды жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынылды.
Ұйымдастырушылар мен әріптестерге жемісті диалог пен тәжірибе алмасу үшін алғыс айтамыз. Бірге пациенттерге сапалы, қауіпсіз және заманауи көмек көрсету жүйесін қалыптастырамыз.


