3-курс білім алушыларының білімдері мен дағдыларын бағалау туралы ақпарат

Білім мен дағдыларды бағалаудың жалпы ұзақтығы – 210 минут.
Тест тапсырмаларының жалпы саны – 160.
Бірінші блок:
* ұзақтығы – 180 минут
* сұрақтар саны – 150
* өту шегі – 75 балл (50%).
Екінші блок:
* ұзақтығы – 30 минут
* сұрақтар саны – 10
* өту шегі – 5 балл (50%).

Бірінші блок аяқталғаннан кейін екінші блокқа қолжетімділік бірінші блок нәтижесіне қарамастан автоматты түрде ашылады.

Егер блоктардың бірінен шекті балл алынбаса, қайта тапсыру тек тапсырылмаған блок бойынша жүргізіледі.

📌 Емтиханды қайта тапсыру

Екі рет қайта тапсыру қарастырылған:
* бірінші қайта тапсыру – негізгі емтиханнан кейін 2 аптадан соң
* екінші қайта тапсыру – 2026 жылғы 25 тамызға дейін.

Негізгі тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейін білім алушылардың тізімдері қосымша қалыптастырылып, қайта тапсыру күндері бекітіледі.

📌 Апелляция беру тәртібі

Білім алушы техникалық себептерге байланысты тест тапсырмалары бойынша апелляцияны тестілеу барысында тікелей бере алады.

Өзіңізбен бірге болуы қажет:
* жеке куәлік
* су (қажет болған жағдайда).

🚫 Емтихан кезінде пайдалануға тыйым салынады:
* ұялы телефондар
* смарт-сағаттар
* құлаққаптар және басқа да электрондық құрылғылар.

Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мақсатында емтиханға тыйым салынған заттарды алып келмеулеріңізді сұраймыз.

ҰТЕО

Қазақстан Республикасының кәсіби қоғамдастығы аккредиттеген және мойындаған жетекші, Денсаулық сақтау мамандары мен білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар түлектерінің құзыреттерін бағалау орталығы.

©2026 Национальный центр независимой экзаменации